вход на сайт

Имя пользователя :
Пароль :

Восстановление пароля Регистрация
(2009 Сборник) VA / Казахский фольк. Кыл-кобыз, Даулет Мыктыбаев, Жаппас Каламбаев (Ethnic) [MP3 320/СBR]
Рейтинг:
(голосов: 1)



[img]{THEME}/images/logopost.png[/img]



Сборник
Исполнитель: VA
Название сборника: Казахский фольк. Кыл-кобыз, Даулет Мыктыбаев, Жаппас Каламбаев
Год выпуска: 2009
Жанр: Ethnic
Формат: MP3
Битрейт: 320 kbps
Тип битрейта: СBR
Продолжительность: 01:11:17


От Marina1977: ▼
Қылқобыздың қос қыраны

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті-мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен-ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып «өмір күйін» тарта береді. Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді, өлмеймін, өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын, ажал маған жақындай алмайды деп сенеді. Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де, ажал оған Қайрақ-жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді. Бұл аңыз-әңгіме бізге «Қорқыт» күйінің мазмұны арқылы жеткен тарихи шежіре. Аңыз - құдіретті музыка күшімен күңіренген қасиетті қобыз үнімен өлімді де жеңе білген дегенді білдіреді.

Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « – Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П.Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б.Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И.Гмелин).

Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы – шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап халқымыздың тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерімізді күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұрамыз бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А.Затаевич. Осының салдарынан ХХ ғасырдың басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттарымыз Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970) Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз
476f8ea09d149c044f69dbd7d1693c40ba64ebe9(2009 Сборник) VA / Казахский фольк. Кыл-кобыз, Даулет Мыктыбаев, Жаппас Каламбаев (Ethnic) [MP3 320/СBR] (2009 Сборник) VA / Казахский фольк. Кыл-кобыз, Даулет Мыктыбаев, Жаппас Каламбаев (Ethnic) [MP3 320/СBR] " />

Аплоадер: Админ, дата: 12-06-2011, 15:22, торрент скачан: 359 раз

Понравилась раздача? Посмотрите эти:
  • (2013) Алексей Архиповский / Дорога домой (Нео-Фольк) [MP3 320/CBR]
  • (1999 Сборник) VA / Шедевры этнической музыки / Арабские мелодии (Ethnic) [ ...
  • (2005) Қылқобыз - Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев (Folk, Ethnic)[MP3,320 ...
  • (2003) Отырар Сазы оркестрі (Folk, Ethnic)[MP3,320CBR]
  • (2006) Секен Тұрысбек - Ақжүніс (Folk, Ethnic)[MP3,320CBR]
  • (2006) Күләш Бәйсейітова - Гәкку (Folk, Ethnic)[MP3,320CBR]
  • (2009) Президент оркестрінің Халық музыка ансамблі(Folk, Ethnic)[MP3,128 CB ...
  • Қажылық / Поломничество (Рақышев Еркін, документальный, 2008) [DVDRip]
  • (2009,сборник) Музарт / Избранное(Pop) [MP3, CBR.128 / 320 кбс]
  • (2008) Мейрамбек Беспаев / Ән-термелер (Pop) [MP3, CBR.128-320 кбс]
  • (2008) Мейрамбек Беспаев / Аяулыма (Pop) [MP3, CBR/128]
  • [Казахский] И.Есенберлин. Трилогия: "Кочевники" / Көшпенділер (История) [pd ...
  • Необычный казахский язык. /Обучающая программа. [2010 / 8.0.22.0 / казахски ...
  • [Ислам] Аль-Бухари. Сахих аль-Бухари 1 часть/Әл-Бұхари.Мұхтасар Сахих әл-Бұ ...
  • (2002 Сборник) VA / Шедевры этнической музыки / Восточный танец и Барабаны ...
  • Ғажайыпстанға саяхат // Сезон 1, эпизоды с 1 по 74 (из 200) (Аяған Сандыбай ...
  • Базар жок (театр,юмор, 2011) [TVRip, Оригинал (казахский)]
  • Базар жоқ 3 - Көңілді Астана (Юмор, театр , 2011) [TVRip , Не требуется (Ка ...
  • [KZ] 7,8,9,10 сыныптарға арналған Физика пәнінен электронды оқулық (образов ...
  • (2012) ШYNGYS, ReeGa, Maximum / ТенгеMakers (Казахстанский рэп) [mp3, 320kb ...
  • Информация
    Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.